- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Геосаяси қақтығыстардың ушығуы:...
Геосаяси қақтығыстардың ушығуы: Қазақстан Еуропаға шикізат жеткізу бағытын өзгертеді
Әлемдегі геосаяси жағдай шиеленісіп жатыр. Бүгін түнде Иран Израильге қарсы ауқымды зымыранмен шабуыл жасады. Осыған байланысты Қазақстанның шикізат өнімдердін тасымалдау жоспары қандай деген сұрақты Massaget.kz тілшісі Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке қойды.
Энергетика министрінің сөзінше, Қазақстанның геосаяси қақтығыстар жағдайындағы сценарийі дайын.
"Ең әлеуетті бағыт – Транскаспий дәлізі. Біз оны зерттеп, Қазақстан мұнайын Әзербайжан арқылы жеткізуді бастадық. Еуропа нарығы перспективалы, сондай-ақ ресейлік жеткізушілерді де қарастырып жатырмыз, оның ішінде Германия да бар. Қытайға Қазақстан мұнайын 10 млн тоннаға дейін жеткізу мүмкіндігі бар. Теміржол тасымалы арқылы бүкіл Орталық Азияны қамтамасыз ете аламыз. Күтпеген жағдайларға байланысты бізде балама сценарийлер әзірленіп жатыр", – деп жауап берді министр.
Айта кетейік, геосаяси қақтығыстардың ушығуына байланысты Қазақстан сенімді және перспективалы нарықтарға шикізат жеткізу бағыттарын әртараптандыруға мәжбүр.
Бұған дейін Қаржы министрі ресми сауалымызға берген жауабында ел бюджетіне түсімдердің азаюының себебі ретінде халықаралық геосаяси қақтығыстарды атаған болатын (мұнай, металл экспорты бағытында қиыншылықтар).
Иранның Қазақстан үшін мұнай және газ тасымалдауда стратегиялық маңызы неде?
Географиялық орналасуы: Иран – Каспий теңізі аймағындағы және Таяу Шығыстағы негізгі мемлекеттердің бірі, әрі Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы көршісі. Иран арқылы мұнай тасымалдау Қазақстан үшін маңызды әрі логистикалық тұрғыдан тиімді бағыт.
Транзиттік әлеует: Иран арқылы Парсы шығанағына және одан әрі халықаралық нарықтарға, соның ішінде Азия, Африка және Еуропа елдеріне мұнай мен газ жеткізу мүмкіндігі бар. Иран – Қазақстанға өз порттары арқылы әлемдік нарыққа шығу үшін маңызды транзиттік ел.
Энергетикалық инфрақұрылым: Иранда дамыған мұнай-газ инфрақұрылымы бар, соның ішінде құбырлар мен терминалдар, олар Қазақстан үшін шикізатты жеткізуде қолайлы.
Өзара тиімділік: Қазақстан мен Иран арасындағы мұнай-газ ынтымақтастығының маңызы жоғары, өйткені екі ел де энергетикалық ресурстарды экспорттаушы елдер ретінде өзара сауда және транзиттік келісімдерден пайда көруді көздеді.
Алайда қазіргі геосаяси жағдайлардың, әсіресе Иран мен Батыс елдері арасындағы шиеленістердің күшеюі бұл бағыттың тәуекелдерін арттырды. Иранның тұрақсыз жағдайы мен халықаралық санкциялары Қазақстанды балама бағыттар іздеуге және тасымалдау маршруттарын әртараптандыруға мәжбүр етіп отыр.
Иран-Израиль соғысы
Иран 1 қазан 2024 жылы түнде Израильге қарсы ауқымды зымырандармен шабуыл жасады. Бұл әрекет "Хезболла" ұйымының жетекшісі Хасан Насыралланың және басқа да топ командирлерінің Израиль әуе шабуылы кезінде қаза табуына байланысты берген жауабы. Иранның Революциялық гвардиясы Израильге бір түнде 400 зымыран атқанын мәлімдеді. Израильдегі әуе қорғаныс жүйесі шабуылдарды болдырмау үшін белсенді жұмыс істеді. АҚШ та Иран шабуылын тоқтатуға көмектескенін мәлімдеді.
Бұл оқиғадан кейін Израиль тұрғындары бомбадан қорғану орындарына көшірілді, бірақ жағдай біраз тұрақталғаннан кейін олар қайта оралуға рұқсат алды. Израиль мен Ливандағы "Хезболла" арасындағы жағдай соңғы апталарда күрделене түсті, екі тарап арасындағы шабуылдар жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет