- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық құрылтай
“Геосаяси ахуал ушығып тұр“. Тоқаев татулықты көздің қарашығындай сақтауға шақырды

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты көздің қарашығындай сақтау керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір геосаяси ахуал ушығып тұр. Мұндай кезде ел бірлігін, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Бұл – тұрақты дамуға қажетті ең басты шарт. Еліміз терең әрі жан-жақты реформаларға енді ғана кірісті. Алдымызда күрделі жол тұр. Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек. Алдағы бірнеше он жылдыққа көз тігіп, ауқымды шаруаларды кезең-кезеңімен атқаруымыз қажет. Біз ұзақ мерзімге арналған мақсатқа ұмтылуымыз керек. Келешегіміз қандай болуы керек екенін нақты білуге тиіспіз. Себебі дұрыс мақсат қоя білсек қана, табысқа жете аламыз", - деді Президент.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың IV отырысы биыл Бурабайда өтті. Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган.
Бұған дейін Ұлттық құрылтайдың үш отырысы өтті:
- І Ұлттық құрылтай 2022 жылы Ұлытау облысында өтті.
- ІІ Ұлттық құрылтай 2023 жылы Түркістан қаласында өтті.
- ІІІ Ұлттық құрылтай 2024 жылы Атырауда өтті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова