Қазақстандық танымал боксшы, қазіргі ҰОК басшысы Геннадий Головкиннің шаршы алаңға оралуы жайлы ақпарат тарады, - деп хабарлайды massaget.kz сайты.
Белгілі инсайдер Майкл Бенсон әлеуметтік желіде Геннадий Головкин 13 наурыз күні Монте-Карлода швед боксшысы (тегі гамбиялық) Баду Джекпен жұдырықтасатынын жазды.
Инсайдердің ақпараты шындыққа жанасымды деп айтуға да келмейді. Дегенмен Гена да мансабын аяқтағаны жайлы айтқан жоқ. Бір қызығы, Баду Джек бірінші ауыр салмақта бақ сынайды, GGG болса ешқашан орта салмақтан жоғарыламаған.
Айта кетейік, Геннадий Головкин Сауль Альвареспен (Канело) өткен үшінші жекпе-жектен кейін шаршы алаңға шыққан жоқ.