- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Генетика тұрғысынан түріктер...
Генетика тұрғысынан түріктер мен венгрлер қазаққа жақын екені рас па?
2007 жылдан бері генетикалық зерттеумен айналысып жүрген тарихшы Жақсылық Сәбитов қазақ халқының ұлт ретінде қалай қалыптасқанын және туыс халық кімдер екенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазіргі түріктер қазаққа ағайын ба?
Меніңше, "ағайын не ағайын емес" деген сұрақтың өзі дұрыс емес. Қазақтар мен түріктердің арасында генетикалық байланыс бар, бірақ бұл біздің қарақалпақтармен туыстығымыз сияқты жақын емес. Екі ұлт арасында жақындық (оғыз-селжұқтар, хорезмдіктер-османдықтар және ноғайлар-қырым татарлары) түркі көші-қонының нәтижесінде қалыптасты. Түрік генефондында түркілік үлеспен қатар Кіші Азия автохтондарының (сол жердің байырғы жергілікті халығы), онымен қоса орта ғасырларда және қазіргі уақытта түрік қоғамына интеграцияланған батыс еуропалықтар, славяндар, гректер, күрдтер, арабтар секілді ұлттардың үлкен компоненті бар. Яғни түріктердің тең жартысы Кіші Азияның автохтондары, олар түркі тайпалары келгенге дейін өмір сүрген. Тіпті түріктерді белгілі бір дәрежеде украин мен орыстар үшін де бөтен емес деуге болады. Тарихта Қырым татарларына көбіне құлдық пен тұтқынға түскен шығыс слаян халықтары болған. Олардың ішінде түрік генефондына славян қыздары да әсер етті", - деді Сәбитов.
Поляков И. С. 1879 жыл
Оғыздар қызғалдақты қазақ жерінен Түркияға апарған
Селжұқтар XI ғасырда Кіші Азияға келді. Селжұқтар оғыз тайпаларының бірі Қазақстандағы Жетісу өңірінде алғаш рет пайда болған. Қарлұқтардан жеңіліс тапқан олар Сырдарияға, қазіргі Қызылорда облысы аймағына баруға мәжбүр болды. Кейін Таяу Шығысты жаулап алу үшін көшті. 11 ғасырда олар біртұтас Селжұқ сұлтандығын құрып, одан қазіргі Түркия территориясында орналасқан Рум сұлтандығы құрылды. Селжұқтар Арал өңірінде өскен қызғалдақтарды Түркия жеріне алып келген.
Ең ауқымды өзгеріс XVIII-XIX ғасырда болды. Бұл кезеңде қазіргі түріктердің бет-бейнесіне әжептәуір ықпал етті десек болады. Ол 1780-1860 жылдар аралығындағы Қырым татарлары мен ноғайлар Түркия жеріне қоныс аударды. Көш ауқымы өте үлкен болғаны соншалық, ноғайлардың саны 500 мыңнан млн-ға дейін жетті. 1870 жылы Ресей империясында олардың аз бөлігі ғана қалды.
Ноғайлар мен қарақалпақтар қазаққа ең жақын халық. Ноғайлардың түріктерге қоныс аударуы (бірігуі, араласуы) қазақтар мен түріктерді генетикалық тұрғыдан "жақындатты". Қырым татарларының (дала халқы) бір бөлігі де ноғай текті, бұл жағынан қазақтарға ұқсас. Ал қырым татарларының арасында үстемдік еткен арғын және қыпшақ рулары бізде кездеседі.
Де-Лазари Константин Николаевич. 1898 жыл
Қазіргі венгрлерді қазақтың мадияр руымен туыс деп жатады. Солай ма?
Генетикалық тұрғыдан қарасақ, қазіргі мажарлардың қазақтың мадиярларымен еш байланысы жоқ. Бірақ сонымен бірге қазақ бұлтын-қыпшақ руы венгрлердің азғантай бөлігімен (венгр-кумандар, кун-қыпшақтардың ұрпақтары) генетикалық байланыста. Қазақ мадияр-арғындары арасында басым кездесетін G1a гаплогруппасы венгрлер арасында кездеспейді. Қазіргі мажарлар көшпелі жеті венгр және үш түркі руын (Кабарлар) жаулап алған еуропалықтардың ұрпақтары деп айтуға болады, - деді Жақсылық Сәбитов.
Қазаққа ең жақын ұлттар кім?
Аутосомаларда ДНҚ-сы бірдей үш халық бар. Солардың ішінде қазаққа ең жақыны – қарақалпақтар, екіншісі - ноғайлар. Ол Ставропольдағылар және Дағыстанда өмір сүретіндер болуы мүмкін. Үшінші, әрине - қырғыздар, - деді Сәбитов.
Қазақ ұлты қалай қалыптасты? Ежелгі халықпыз деп айта аламыз ба?
Қазақтар біртұтас этногенетикалық топ ретінде 13 ғасырда Алтын Орданың дәуірінде пайда болған. XV ғасырда дейін "қазақ" атауы болған жоқ, бірақ генетикалық жағынан қазіргі қазақтардан еш айырмашылығы жоқ. Жергілікті қыпшақтар мен көшіп келген моңғолдардан бөлек, біздің жерімізде тағы бөлек халықтар да болған. Басым болған осы екі компоненттің араласуынан қазақтар шықты десек болады. Генетикалық тұрғыдан алғанда, "қыпшақтар" мен "монғолдар" қанша пайыз болғаны белгісіз, сондықтан антропология тұрғысынан зерттелді. Антрополог Оразақ Исмағұловтың айтуынша, XIII ғасырға дейін қыпшақтарда аралас антропологиялық тип (50 пайыз моңғолоидтік және 50 пайыз еуропоидтық) болған. Қазірдің өзінде XIII ғасырда моңғолдардың шапқыншылығына байланысты моңғолоидтық деңгейі 50 пайыздан 70 пайызға дейін өсті. Осылайша, XIII ғасырда Қазақстан аумағына келген көшпелілер жергілікті халықты шамамен 20 пайызға өзгертті, - деді тарихшы.
Сұхбаттасқан: Жасұлан Ордабаев
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz