Генетик дәрігер Светлана Перес артық салмақ дұрыс тамақтанбайтын, физикалық белсенділігі төмен адамдарда болады деген аңызды жоққа шығарып, семіздіктің негізгі себептерін атады, - деп хабарлайды "Мослента".
Перестің айтуынша, бүгінде адам салмағының артуына жауап беретін гендердегі 88-ге жуық мутация белгілі. Бұл рецепторлар 20-дан аса биологиялық процеске қатысады.
"Тамаққа тәуелділік, лептинге төзімділік, микробиотаның теңгерімсіздігі секілді психологиялық факторлардың салдарынан салмақ қосуға болады. Бұл патологиялардың барлығы белгілі бір генетикалық бұзылулардан туындайды", - деді маман.
Дәрігер үлкен скринингтік зерттеулер FTO генінің полиморфизмі семіздікпен байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті. Зерттеулер оның тәбетті бақылауда маңызды роль атқаратынын көрсетті.