Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бекет бақылаушысы тергеу-қамауға алынған Ж. Халықұлын таңғы сағат 7-де тапты. Мекеменің кезекші ауысымы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қабылданған шараларға қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы механикалық асфиксия нәтижесінде қайтыс болғанын анықтады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық ҚАЖД басшылығы келді. Басқа ұсталғандармен әңгіме жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз іс-әрекеттер дерегі анықталған жоқ", - делінген хабарламада.
Қазір Облыстық департамент қызметкерлері қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.
Еске салайық, мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстары Ішкі істер департаменттерін басқарған полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлын әшкерелеген болатын.
Жайлаубек Халықұлы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін алдау арқылы ақшалай қаражат пен мүлікті алды деген күдікке ілінген болатын.