Солтүстік Қазақстан облысы ҚАЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы генерал-майор Берік Біләлов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот үкімі бойынша, Біләловке бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалған. Сондай-ақ, ол 10 жылға мемлекеттік қызметте, сот билігінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, басқа да мемлекеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан айырылды.
Бұрынғы жоғары лауазымды полиция қызметкері жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде өтейді.
Сондай-ақ, сот Президент атына Біләловті "II дәрежелі Даңқ" орденінен және полиция генерал-майоры атағынан айыру туралы ұсыныс енгізді.
Бұған дейін генерал-майор Берік Біләловке қарсы қылмыстық іс тергеліп жатқаны хабарланған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз