- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Гемоглобинді көтеру үшін...
Гемоглобинді көтеру үшін қандай тағамдар жеу керек? Мамандар жауап берді
Гемоглобин жетіспесе, адам ағзасы оттегінің ашығуына тап болады. Осыған байланысты адам ұйқышыл болады, тез шаршайды, бір затқа назар аудара алмайды, аритмия, бозару және шаштың түсуі байқалады. Анемия дәрі-дәрмектермен емделеді, бірақ гемоглобин тапшылығының жеңіл дәрежесінде тамақтануды түзету жеткілікті. Яғни, өсімдік және жануар тектес тағамдар гемоглобиннің қалыпты деңгейін қалпына келтіре алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Общественная Служба Новостейге" сілтеме жасап.
Тиімділігі бойынша бірінші орында - ет өнімдері. Әсіресе мамандар бауыр, жүрек, тіл, қызыл ет, қоян, күркетауықжәне тауық етіне назар аударуға кеңес берді.
"Ағза темірдің шамамен 15 пайызын теңіз өнімдерінен алады, оның ішінде уылдырық, асшаян, скумбрия, сардина, тунец кіреді", - дейді мамандар.
Өсімдік тағамдарынан диетаға тұқымдар мен жаңғақтарды қосу керек - көкнәр тұқымы, асқабақ, күнжіт, жержаңғақ, бадам жаңғағы және пісте. Ағза темірдің шамамен 7 пайызын бұршақ және дәнді дақылдардан алады.
Банан, мейіз, итмұрын, қарақат, мүкжидек, алмұрт және көкжидек, жаңа піскен шөптер, кептірілген және жаңа саңырауқұлақтар, бал мен шоколадты жеу де пайдалы. Сондай-ақ, анемиямен ауыратын адамдар бас тартуы керек өнімдер бар, мысалы, кофе мен қара шай. Ал құрамында кальцийі бар темірден бөлек жеу керек, өйткені бұл заттар бір-бірінің сіңуіне кедергі келтіреді.
Сондай-ақ, диетада ұн, май, алкоголь мөлшерін азайту ұсынылады.
Анемияның ауыр түрлерімен ауыратын адам үнемі дәрігердің бақылауында болғаны жөн. Мұндай кезде науқасқа құрамында темірі бар препараттар, гемопоэз активаторлары, фолий қышқылы, В12 дәрумені тағайындалады. Төтенше жағдайларда кейде қан құю немесе сүйек кемігін трансплантациялау көрсетіледі.
Тағы да оқи отырыңыздар: З әрпінен басталатын ұл есімдері
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә