Заманауи өмірде әйел адамдарға арналған түрлі сұлулық процедуралары бар. Алайда оның бәрі қауіпсіз бе? "Доктор Питер" басылымы бұл жайлы онколог Владислав Евсеевпен сөйлесіп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маман қандай процедуралар қатерлі ісік тудыруы мүмкін екенін түсіндірді. Ең бірінші процедура - ол солярий. Солярийге бару терінің қатерлі ісіктері - меланома, скамозды жасушалық карцинома және базалиома қаупін арттырады. Мысал үшін: меланома қаупі солярийдің сеансында 2 пайызға артады. Солярийге жиі барған сайын (жылына оннан көп) базальды жасушалық карциноманың даму ықтималдығы 1,5 есе артады.
Гель-лактың өзі онкологиялық аурулар тұрғысынан зиян емес. Бірақ оны кептіру үшін қолданылатын ультракүлгін шам қолдың терісінде ісік қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Алайда басылым мәліметінше, бұл әзірге дәлелденбеген факт, себебі оған қатысты қандай да бір зерттеу жүргізілмеген.
Шаш бояу кезінде бояу химикаттары теріге тиіп, аз мөлшерде қанға тиюі мүмкін. Сондықтан шаштараздар мен барберлерде қуық қатерлі ісігінің даму ықтималдығы артуы мүмкін. Бірақ шашын боятқан адамдарға ешқандай қауіп жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!