- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жазалау шарасы
“Газпромнефть-Қазақстан“ ЖШС бензинді толық құймағаны үшін айыппұл төлейді

Бензинді толық құймағаны үшін "Газпромнефть-Қазақстан" ЖШС 3 миллион теңгеге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы бойынша департаменті жеке тұлғаның өтініші негізінде "Газпромнефть-Қазақстан операциялық компаниясы" ЖШС-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы", "Техникалық реттеу туралы" ҚР Заңының және метрология саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтауға қатысты болды.
"Сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттік метрологиялық бақылау барысында №1 ЖЖҚ арқылы АИ-95-К4 маркалы автомобиль бензинін жіберу кезінде жол берілетін қателіктен асатын ауытқу анықталды. 20 литр бензинді құю барысында 100 мл-ге аз толтырылған. Бұл стандарттарды бұзу болып табылады", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесіне сәйкес, жанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің көлемін өлшеудің шекті рұқсат етілген қателігі 4 пайыз болады.
"Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының бұзылуы анықталды.
"Газпромнефть-Қазақстан операциялық компаниясы" ЖШС заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 145 600 теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан