- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Газа секторындағы қазақстандықтарды...
Газа секторындағы қазақстандықтарды шығару үшін келіссөз жүргізіліп жатыр - СІМ
Бүгінде Газа секторында 67 Қазақстан азаматы мен олардың отбасын Мысырға шығару бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айутынша, Газа секторындағы жағдай өте күрделі.
"Қазақстанның Мысыр мен Иорданиядағы елшіліктері осы аудандағы қазақстандықтармен байланыста. Күнде жергілікті билікпен және отандастарымыз, олардың отбасы мүшелерін Газа секторынан Мысырға Рафах өткізу пунктінен шығару бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деді ресми өкіл СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Айбек Смадияров Газа секторында 100-ден аса қазақстандық барын атап өтті.
"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, 67 Қазақстан азаматы бар. Олардың отбасы мүшелерімен қосқанда 100-ден аса адам болады. Қазақстаннан басқа тағы 45 елдің елшілігі осында (Газа секторында) келіссөз жүргізіліп жатыр. Кейбір отандастарымыз бен олардың отбасы мүшелерінің қандай да бір құжаты жоқ. Осы және басқа ұйымдастырыруға қатысты мәселелерді дипломанттар пысықтап жатыр", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина