Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті саяси ерік-жігерінің мықтылығын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім орнатуға шынайы ұмтылысын толық таныта білді деп санайды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Израиль мен ХАМАС келісімге келгені хабарланды. ХАМАС келісімді растады. Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл келісімді "Израиль үшін ұлы күн" деп атады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!