Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңі аясында келісімге қол қойды. Бұл туралы 9 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының алғашқы кезеңіне қол қойғанын зор мақтанышпен хабарлаймын. Бұл барлық тұтқын босатылатынын, Израиль өз әскерін келісілген шепке дейін алып кететінін білдіреді", - деп жазды Ақ үй басшысы Truth Social желісіндегі парақшасында.
ХАМАС келісімді растады. Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл келісімді "Израиль үшін ұлы күн" деп атады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!