Газа секторындағы 28 қазақстандық елге оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің мәліметінше, оларды бүгін Палестина халқына гуманитарлық көмек әкелген ұшақ Мысырдан алып кетті. Азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдарды қосқанда жалпы жүк көлемі 38 тонна болды.
Айта кетейік, гуманитарлық жүк Мемлекет басшысының тапсырмасымен жөнелтілді. Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде көмек көрсеткен болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!