Бүгінде Газа секторында шамамен Қазақстанның 25 азаматы бар. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Газа секторында Қазақстанның 25-ге жуық азаматы бар деген ақпарат бар. Олар көбіне палестиналықтарға тұмысқа шыққан қазақстандықтар. Қазір кейбір отбасылар қауіпсіз орын іздеп жүр. Байланысқа шығуға байланысты проблема бар. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді ресми өкіл СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айутуынша, Газа секторынан тек 2 қазақстандық байланысқа шығып үлгерген.
Еске салайық, 7 қазанда таңертең "Изз ад-Дин аль-Кассам" бригадасының ХАМАС әскери қанаты бұрын-соңды болмаған операция басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді.
Өз кезегінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақтарды пайдаланып, Газа секторына шабуылдар басталғанын хабарлады.
Израиль Ливанға қарсы соққы жасады
Кейінгі дерек бойынша, "ЗАКА" қоғамдық ұйымының еріктілері Израильдің оңтүстігіндегі кибуц Реим электрон музыка фестивалінде 260 адам өлі табылған.
СІМ өкілі Айбек Смадияров Газа секторында қанша қазақстандық барын айтқан еді.
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!