- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Газа секторынан эвакуацияланған...
Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Каирге жетіп, қонақ үйге жайғасты
Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Каирге жетіп, қонақ үйге жайғасты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстандық дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері оларға барлық қажетті көмекті, оның ішінде психологиялық қолдау көрсетіп жатыр.
Сонымен қатар ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелеріне құжат рәсімдеу мәселелері қаралу үстінде", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысыр аумағына Қазақстанның 92 азаматы мен олардың отбасы мүшелері өткенін хабарлаған едік.
Қазақстан азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Осы орайда қазақстандық дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастыратыны хабарланды.
Қазақстандықтар Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін ҚР Үкіметі оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жібереді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан