- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Газа секторы тіршілікке...
Газа секторы тіршілікке жарамсыз болып қалды - БҰҰ
Фото:
depositphotos.com
Әскери қақтығыс болып жатқан Газа секторы 3 ай ішінде адамның өмір сүруіне жарамсыз аймаққа айналды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ сайтына сілтеме жасап.
Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялап отыр. Аталған ұйымның мәліметіне сүйенсек, аймақта қарулы қақтығыстан бөлек, түрлі індеттің жаппай таралу қаупі күшейген.
Өз кезегінде ЮНИСЕФ Газада азық-түлік тапшылығынан ашаршылық күшейіп, балалар қатты зардап шегіп жатқанын айтады.
Бүгінде Газа аумағында медициналық жағдай да нашар. 36 аурухананың тоғызы ғана жұмыс істеп тұр. Бірақ олардың барлығы өңірдің оңтүстігінде орналасқан.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина