Ақтөбеде автогаз тапшы. Қаладағы жанармай құю бекеттерінің көбінде сұйытылған көгілдір отын жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, өзгелері газды талон арқылы сатып жатыр, ал қолма-қол ақшаға қызмет көрсететін бірнеше орында ұзын-сонар кезек. Соның салдарынан жүргізушілер сағаттап күтуге мәжбүр.
"Ақтөбе бойынша барлық жерде газ жоқ. Дұрыс емес қой, өзімізден шығып жатқан газға қол жетпейді. Амал жоқ, шыдаймыз, екі сағаттап күтуге тура келеді", - деді тұрғын.
Жауаптылардың сөзінше, бұған облыстағы 3 бірдей зауытта жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуі себеп болған. Сондықтан аймаққа жанар-жағармай қажет мөлшерде бөлінбей, қыркүйекте 15 мың тонна сұйытылған газдың орнына шамамен 10 мыңы ғана берілген.
Жергілікті билік өкілдері жақын арада жағдай тұрақталады деп сендірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова