Астанада газ тапанша қолданып, бұзақылық жасаған тұрғын сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала тұрғыны түнгі уақытта өзге адамдар арасындағы жанжал барысында газ тапаншадан әуеге екі рет оқ атқан, сондай-ақ, оқиғаға қатысқандардың біреуіне қарай бір рет оқ атқан.
Жәбірленуші дер кезінде қашып үлгергендіктен, оқтан аман қалған.
Сотта мемлекеттік айыптаушы айыпталушының кінәсін толық дәлелдеген. Сот үкімімен қала тұрғыны кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Елорда прокуратурасы азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!