- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Газ жертөлеге жиналған"....
"Газ жертөлеге жиналған". Жаңаөзендегі көппәтерлі үйдегі апаттың қорытындысы шықты
Жаңаөзенде сәуірде орын алған көппәтерлі үйдегі жарылыс екі жерде болған. Сәуір айында болған апатты зерттеген тәуелсіз сарапшылар осындай қорытынды жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ktk арнасына сілтеме жасап.
Олардың айтуынша, алғашқы жалын пәтерде қолшамды қосқанда, екіншісі жертөледе жиналған газдан шыққан көрінеді. Екі ай бойы зерттеу жүргізген мамандар екі жарылыстың арасы екі секунд деген болжамға келіп отыр. Осы апаттан көз жұмған марқұмның інісі Нұрлан Исатаев бұған дейінгі сараптама ұзаққа созылып, түрлі нұсқа айтылған соң, тәуелсіз сарапшыларға жүгінген. Мамандар үйдің жертөлесіне көп көлемде газ қоспасының жиналғанын зерттеу арқылы анықтаған.
Нұрлан Исатаев тәуелсіз сараптама қорытындысын алған соң прокуратураға қылмыстық істің бабын өзгертуді сұрап арыз жазған. Ал бүгін құзырлы орган бұл шағымды назарға алатынын жеткізіпті. Сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар газ құбырының үстінен су құбырын жүргізу кезінде олқылық болғанын анықтаған көрінеді. Сол жиналып жертөлеге барған. Оны тәуелсіз сарапшылар топырақты зерттеу кезінде құрамынан күкірт табылғанда білген. Айта кетейік, 17 сәуір күні Жаңаөзенде екі қабатты үйде жарылыс болып, 6 адам қаза тапқан еді.
"48 сағаттың ішінде 16 мың шаршы метр газ сыртқа шығып кеткен. Газ деген жертөлеге жиналған, бір сөзбен айтқанда, сол жерден жарып жіберген. Ол газ әжетханаға бір тесікпен жетті, сол тесік арқылы қайта кері оттың жалыны жертөлеге түскен", - деді Нұрлан Исатаев.
Еске салайық, бұған дейін "Балалардың шыңғырған дауысы құлағымнан кетер емес" - Жаңаөзен тұрғыны жарылыс туралы айтқаны жарияланған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы