СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кулуарда Нұрмұхамбетов Петропавл атауын Қызылжар деп өзгерту туралы ойын айтты.
"Бұған дейін айтқанымдай, қазір атау өзгертетін уақыт емес. Адамдар да оны жақсы қабылдады. Халық тарапынан басқа өзгеріс, не ескерту болған жоқ", - дейді облыс әкімі кулуарда.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысын басқарған Құмар Ақсақалов Петропавл қаласының атауын Қызылжар деп өзгерту туралы сұраққа жауап берген болатын.
ОКҚ брифингі кезінде журналистердің сұрақтарына жауап берген Ақсақалов кейінгі жылдары облыс орталығында 400-ден аса атау өзгергенін атап өтті.
2021 жылы СҚО әкімі Петропавлдың атауын өзгерту туралы қауесетке қатысты пікір білдірген еді. Ал 2018 жылы әкім Петропавлдың атауын өзгерту туралы мәселеге әлі ерте екенін айтқан еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!