- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Гастроэнтеролог гастритпен оңай...
Гастроэнтеролог гастритпен оңай шатастыратын 6 ауруды атады
Гастрит белгісі көп, бұл ауруды сыртқы белгілер бойынша тану өте қиын, басқа ағзалардағы аурулармен шатастыру оңай. Терапевт, гастроэнтеролог Ирина Губанова гастритке ұқсас ауру түрлерін атады.
Оның айтуынша, гастриттің негізгі себебі дұрыс тамақтанбау болып саналады.
"Гастриттің пайда болу факторларына жеткіліксіз шайналған тамақ, тым ыстық немесе салқын тағамдар, фаст-фуд пен құрғақ тағам, көмірсуларды, майларды немесе өсімдік тағамдарын дұрыс емес тұтыну, әр маусымға тән жемістер мен көкөністерді шамадан тыс жеу жатады. Диетада ысталған, ащы тағамдар мен дәмдеуіштердің көптігі де зиян", - дейді ол.
Тамақтанудан бөлек, гастриттің басқа себептері де бар. Олар:
- асқазанның функционалдық бұзылуына әкелетін жүйке жүйесінің жұмысындағы бұзылулар - оның қозғалғыштығы мен секрециясы бұзылады;
- асқазан қорғаныс қабатына әсер ететін Helicobacter pylori бактериясынан туындаған инфекция;
- стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды ұзақ қолдану (нимесулид, ибупрофен, диклофенак, аспирин және басқалар);
- алкоголь;
- темекі шегу.
Гастрит қалай белгі береді?
Ирина Губанованың айтуынша, гастрит белгілері әртүрлі. Дәрігер ең жиі кездесетіндерді атады:
- іштің ауырсынуы, кейде іштің жоғарғы жағы ауырады;
- жүрек айнуы;
- құсу;
- тәбет жоғалуы;
- жиі кекіру;
- тез тойып қалу сезімі;
- асқазандағы ауырлық;
- ауыздағы жағымсыз дәм;
- кейде жағымсыз иіс.
"Науқастың өзі бұл ауруды анықтай алмайды, өйткені бірқатар аурулардың белгілері ұқсас. Егер сіз сипатталған белгілерге алаңдасаңыз, диагноз қою үшін дәрігермен кеңесу керек", - деп кеңес береді гастроэнтеролог.
Гастрит диагностикасының стандарты – Гастроскопия (ФГДС), асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігін эндоскопиялық зерттеу. Дәрігердің айтуынша, ішінде Helicobacter pylori бактериясының бар-жоғын анықтау гистологиялық әдіспен гастроскопия жасаған жөн.
Қандай ауруларды гастритпен шатастыруға болады?
Маманның айтуынша, мына аурулар гастритке ұқсас белгілер бере алады:
- асқазан жарасы;
- он екі елі ішектің ойық жарасы;
- жедел холецистит;
- холелитиаз;
- панкреатит;
- миокард инфарктісі.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігер тамақ ішкеннен кейін асқазан ауруының себебін түсіндірген болатын.
Т. Раушанұлы