Гастроэнтеролог және эндокринолог Диляра Лебедова Telegram-арнасында бидай ұнының адам ағзасына төндірер қаупі туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, денсаулыққа зиян ұн түрі - бидай ұны. Бұл ұнның мүлде биологиялық маңызы жоқ. Оның гликемиялық индексі және калория мөлшері жоғары, құрамында ішектің түкті бөлігінде жиналатын және дәрумендер мен басқа да пайдалы заттардың толық сіңуіне жол бермейтін глютен бар.
Маман бидай ұнынан әсіресе семіздік, глютенге төзбеушілік және қант диабеті бар адамдар аулақ болу керегін айтты.
Бидай ұнын күріш, бадам жаңғағы, амарант, кокос немесе қарақұмық ұнына ауыстырған жөн.
Айта кетейік, бұған дейін ұн сұрыптарының айырмашылығы қандай екені хабарланған болатын.
Бидай ұнының жоғары, бірінші және екінші сұрыптары бар.
Жоғары сұрыпты бидай ұны. Бұл ұнның түсі ақ-сарғылт келеді. Ұн біркелкі, алақанға алып ұстағанда бөтен заттар сезілмейді. Ұнның осы түрі түрлі нан өнімдерін пісіруде ең көп қолданылады. Бұл ұннан пісірілген өнімдер жақсы көтеріліп, біркелкі піседі. Мамандардың айтуынша, жоғары сұрыпты бидай ұнын қатпарланған, ашытқан не құмды қамырға қолданған дұрыс.
Бірінші сұрыпты бидай ұны ұстағанда жұмсақ, майда қылып тартылған, ақшылдау келеді. Бірінші сұрыпты ұнның жабысу қасиеті жақсы, сондықтан одан иілгіш қамыр жасауға болады. Ерекше пішінді, үлкен көлемді нан өнімдерін дәл осы ұннан пісірген дұрыс. Бәліштер, нандар, құймақтар, кеспе, жайма осы ұннан жақсы шығады.
Екінші сұрыпты бидай ұны - ұн арасындағы дәрумендер мен микроэлементтерге бай болады. Бұл ұннан нанның түр-түрін, печеньелер пісіріледі. В1, В2, РР, Е дәрумендері мен ақуыздар осы екінші сұрыпты ұнда болады. Түсі жағынан ол жоғары сұрыпты және бірінші сұрыпты ұндардан күңгірт, құрамында кебектер болуы мүмкін. Алайда бұл – ең пайдалы бидай ұны.
Тағы да оқи отырыңыздар: Әбілхайыр хандығы қай жылы құрылды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!