- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Гастроэнтеролог аш қарынға...
Гастроэнтеролог аш қарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
Дәрігер, гастроэнтеролог Анна Бадалян таңғы асқа қандай тағам жеген дұрыс екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mail.ru-ға" сілтеме жасап.
Аш қарынға қорытылмайтын, сіңуі қиын тағамдарды жемеген абзал, мысалы майлы ет тұздықпен, стейк, ет қосылған бәліштер. Әрине, көбінесе түскі асты ішу мүмкін бола бермейді, сондықтан таңғы асты тойымды етіп ішуге тырысасыз, бірақ таңертеңнен мұндай тағамдарды жеуден аулақ болған жөн.
Әрбір тағамның мүмкіндігінше теңдестірілген болуы маңызды. Егер таңғы асқа суда қайнатылған ботқа секілді тек көмірсу тұтынатын болсаңыз, бұл теңдестірілген тағам болып саналмайды. Сондықтан қарныңыз тез қайта ашуы мүмкін.
Әр аста ақуыз, майлар, көмірсу болуы керек. Егер таңғы асқа ботқа жегіңіз келсе, оны талшықпен, өсімдік тағамымен толықтыруға болады, мысалы ботқаға жеміс немесе жидек қосыңыз. Сондай-ақ, ботқаға ақуыз да қосуға болады, олар қатты ірімшіктің бірнеше тілімі, жұмыртқа, жаңғақтар немесе жержаңғақ пастасы.
Теңдестірілген таңғы ас күні бойына артық тамақтанбай, тоқ жүруге, асқазанда ыңғайсыздық пен аштық сезімінің қаупін азайтуға көмектеседі.
Айта кетейік, бұған дейін аш қарынға жеуге болмайтын 10 өнім тізімі хабарланған болатын.
- Банан;
- Ащы тамақ;
- Йогурт;
- Қызанақ;
- Алкоголь;
- Газдалған сусындар;
- Алмұрт;
- Сағыз;
- Цитрусты және жаңа сығылған шырындар;
- Кофе.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қасым ханның неше баласы болған?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә