Гастроэнтеролог алкогольсіз сыраның пайдасын айтты

Гастроэнтеролог алкогольсіз сыраның пайдасын айтты

Гастроэнтеролог дәрігер Сергей Вялов алкогольсіз сыра ішу асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартатынын айтты, - деп хабарлайды Gazeta басылымы.

Дәрігер алкогольсіз сыраның пайдасын дәлелдеген бірқатар зерттеудің дерегіне сілтеме жасап, ол асқазан мен ішектің жұмысын айтарлықтай жақсартатынын айтқан.

"Алкогольсіз сыра ішек микробиомасына пайдалы. Сырадағы ашытқы өнімдерінен асқазан сөлінің өндірісі жақсарады, ал органикалық қышқылдар ішек метаболизміне әсер етеді", - дейді дәрігер.

Вялов сыраға қарағанда алкогольсіз шараптың пайдасы әлдеқайда аз екенін айтады. Бұл шарап ішімдік ішуден арылғысы келетіндерге қолайлы, ал оның сыртында денсаулыққа тигізетін пайдасы асыра айтылған.

"Алкогольсіз шарапта іс жүзінде ешқандай пайдалы заттар жоқ. Оған қарағанда концентрлі жүзім шырыны әлдеқайда пайдалы", - деді гастроэнтеролог.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова