Гастрит - асқазанның шырышты қабығының қабынуы. Бұл ас қорыту проблемаларын тудыруы және жалпы денсаулықты нашарлатуы мүмкін. Бұл туралы №16 қалалық емхананың мамандандырылған көмек бөлімшесінің меңгерушісі Бақытгүл Қарсыбекқызы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Гастрит әртүрлі себепке байланысты пайда болуы мүмкін, мысалы, химиялық, механикалық, термиялық немесе бактериялық әсерге байланысты асқазанның беткі жасушалары мен бездерінің зақымдануы.
Дұрыс тамақтанбау, тамақтан улану, белгілі бір тағамдарға аллергия, кейбір дәрі-дәрмектерді пайдалану және күйік гастриттің дамуына ықпал етуі мүмкін.
Ұйқы безінің, бауырдың немесе өт қабының аурулары сияқты қосымша факторлар да осы жағдаймен айланысты болуы мүмкін.
"Гастрит екі түрге бөлінеді: жіті және созылмалы. Әрқайсының өзіндік симптомы мен ағымы бар. Созылмалы гастрит әдетте жіті гастриттің салдары", - деді дәрігер.
Жіті гастриттің белгілері:
Созылмалы гастрит белгілеріне мыналар жатады:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз