Гастрит - асқазан шырыштысының қабынуы. Денсаулықты сақтау үшін және өзіңізді жақсы сезіну үшін тамақтанудың нақты ережелерін сақтау қажет. Сондай-ақ үйреншікті тағамдардан бас тарту керек болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Гастрит" терминімен асқазан шырыштысының қабынуы байқалатын кез келген жағдайды атайды. Бұл ағзаның қоректік заттарды қорыту және сіңіру қабілетіне әсер етуі мүмкін. Жіті гастрит кенеттен пайда болады, ал созылмалы гастрит ұзаққа созылады. Әртүрлі факторларға қарай гастриттің де әр түрі пайда болуы мүмкін.
Гастриттің белгілері:
Көпшілік үшін гастрит - уақытша қиындық. Оның емі бар. Алайда оның белгілеріне мән бермей, қабынуды шақырған өмір салтын жалғастырса, ол жаралы ауруға және қатерлі ісік қаупін арттыруға әкелуі мүмкін.
Дәрігер жазып берген дәрілермен қатар емдік диета сақтау қажет болуы мүмкін. Қандай да бір өнімдерден бас тарту жағымсыз белгілерден арылуға көмектеседі.
Гастрит кезінде қышқыл, ащы, майлы, қуырылған, тәтті, өңделген және құрамында кофеині бар өнімдер жеуге болмайды. Олар асқазанды тітіркендіруі мүмкін. Диетаны өмір бойы сақтаудың қажеті жоқ. Оның ұзақтығы гастрит белгілерінің ауырлығы мен жиілігіне байланысты.
Гастрит кезінде жеуге тыйым салынатын өнімдер тізімі:
Гастрит белгілері мазаласа, рационыңызға мына өнімдерді қосыңыз:
Оқи отырыңыз: "Ащы тамақтың қатысы жоқ". Асқазан жарасы неден пайда болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!