- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ғашық болып қалдым"....
"Ғашық болып қалдым". Заңғар Нұртас жаңа қарым-қатынасы туралы айтты
Қайрат Нұртастың інісі, әнші Заңғар Нұртас сұлулық байқауының финалисі Мерей Мұратқа Ыстамбұлдан келген әдемі әшекей сыйға тартқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әшекейді Мерей Мұрат Instagram Stories-інде жариялаған. Бойжеткен әншіні белгілеп, "рақмет" деп жазған.
Press басылымының мәліметінше, әншінің қымбат сыйлығы оқырмандардың назарынан тыс қалған жоқ. Бұл туралы Заңғар Нұртас та пікір білдірді. Оның айтуынша, екеуінің арасында ештеңе жоқ.
"Негізі, арамызда ештеңе жоқ. Ойлап қалмаңыздар. Ыстамбұлдан белсенді 10 оқырманыма сыйлық әкелдім. Бірақ мына ән ұнады. Ғашық болдым", - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін Заңғар Нұртас әйелімен ресми түрде ажырасқанын айтқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек