- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ғашық болдық" -...
"Ғашық болдық" - Шерхан Пірназар бірнеше жобада ғашығы боп ойнаған отбасылы актрисамен қатынасы туралы
Актер Шерхан Пірназар "НВП ағай" деп аталатын жаңа фильмге түсіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.
Оның экрандағы серіктесі - актриса Индира Сабирова. Бұл олардың ғашықтарды сомдайтын алғашқы жобасы емес. Осыған дейін де бірнеше рет ерлі-зайыптының рөлінде ойнаған.
"Осы уақытқа дейін Индирамен бір-екі жобада бірге ойнадық. Ғашық болып көрдік. Сол жобалардың арқасында бұл жерде қиындық болған жоқ. Өйткені осы уақытқа дейін арамызда химия, коннект пайда болды", - деді Шерхан Пірназар.
Өнер иелері нағыз махаббатты көрерменге ешбір боямыз жеткізу үшін тырысып бағып жатқан көрінеді. Айта кетейік, Шерхан Пірназар да, Индира Сабирова да отбасылы.
Олар жұбайларының мұндай рөлдері үшін қызғанбайтынын айтты.
"Жоқ, қызғанбайды, үйреніп қалды ғой негізі", - деп жауап берді Шерхан.
"Негізі тұрмыс құрғаныма үш жыл болды ғой. Үш жылдың ішінде біраз жобалар болды. Біріншіден, имунитет пайда болды. Оның үстіне Шерханмен де жақсы таныс", - деді Индира Сабирова.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан