Ғарышкер Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 тамызда өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қарулы Күштер ардагерлері" республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалы мәліметінше, Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 тамызда сағат 09.00-де Алматыдағы офицерлер үйінде өтеді. Осыдан кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта митинг өтеді. Талғат Мұсабаев Кеңсай зиратына жерленеді.
Еске салайық, 2025 жылы 4 тамызда ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден өтті.
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ол - кеңестік және қазақстандық ғарышкер, саяси қайраткер, Халық қаһарманы, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). Талғат Мұсабаев Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттiгінің төрағасы (2007-2016) және ҚР Парламенті Сенат депутаты (2017-2023) болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова