Әлемдік хитмен Димаш Құдайберген ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан алған сыйлығын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасында жариялады.
Осыдан бірнеше ай бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тазы сыйлап, ерекше тарту жасаған еді. Оған "Ғарышкер" деп ат қойып, содан бері сенімді серігіме айналған болатын. Жеті қазынаның біріне саналатын тазыны қазақ халқы қадірлей білген. Осындай тамаша, баға жетпес қазынаны тарту еткен Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сізге елге қызмет істеу жолында қажымас қайрат, күш-қуат тілеймін! Сізге шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас қуат және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Ел болашағы жарқын болсын", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнерпаздың алған сыйлығымен құттықтап, пікір қалдырды.
"Сәтті Димаш…сәтті күшік ит", "Бұлай қызғанамын деп ойламап едім", "Қандай керемет, сыйлық құтты болсын", "Екеуі де сондай сымбатты", "Әдемі, сымбатты, қымбаттым Димаш және сүйкімді ит!
Туған күніңізбен мырза президент!", "Адал дос екені көрініп тұр", "Ғарышкер деген керемет есім", - деп жазды олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!