Ғарышкер Айдын Айымбетов Қарағанды облысына қонды

Ғарышкер Айдын Айымбетов Қарағанды облысына қонды
Фото: tn.kz

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Жерге оралды - бүгін таңғы сағат 06.51-де капсула Қарағанды облысына қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Экипаж құрамында Геннадий Падалки (Ресей), Андреас Могенсен (Дания) және қазақстандық Айдын Айымбетов бар ғарыш кемесі Жезқазған қаласының шығысынан 146 шақырым жерге қонды.

Ғарышкерлер капсуладан шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың қан қысымдары жақсы. Ғарышкерлер шәй ішіп, апорттан дәм татты. "Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Жоспарланған тәжірибелердің барлығын орындадым. Тағы бір рет ұшуға дайынмын", - деді қазақстандық ғарышкер тілшілерге.

Айдын Айымбетовты Жерде туыстары қарсы алды. Айта кетейік, бірнеше сағаттан кейін ғарышкерді Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды, сондықтан да ол Астанаға кетеді. Ал бірнеше күннен кейін Қарағандыда ғарышкерлердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтуі мүмкін. 

Еске сала кетейік, 2 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыраны ғарышқа ұшты. 4 қыркүйекте "Союз" ХҒС-мен автоматты режимде түйісті. Айдын Айымбетов ғарыштағы әсерімен Twitter арқылы бөлісіп отырды. Ол оқырмандарына видео мен суреттер жолдады.

 

М. Бисембаева