- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ғарышкер Айдын Айымбетов...
Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке келді
Ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Республикалық ғарыштық байланыс орталығының (РҒБО) баспасөз қызметі Айдын Айымбетов "Бәйтерек" БК" АҚ басшысы болды деген ақпаратты растады.
РҒБО баспасөз қызметі мәліметінше, Айымбетовтың жаңа қызмете тағайындалғына туралы 18 наурызда Республикалық ғарыштық байланыс орталығының 20 жылдығына арналған іс-шара барысында белгілі болған.
Айдын Айымбетов "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Айдын Айымбетов 1972 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. Қазақстан Әскери-әуе күштері қатарында ұшқыш-жауынгер және әуе командирі ретінде қызмет атқарды. 2015 жылғы қыркүйекте "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшты.
Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық лауазымдарында жұмыс атқарды:
2009-2010 жылдары – Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттігі Төрағасының кеңесшісі;
2010-2011 жылдары – Қазақстан ҰҒА Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры;
2011-2014 жылдары – "ҰҒЗТО" АҚ "Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты" ЕЖШС Ғарыштық технологияларды ақпараттық-оқытушылық қамтамасыз ету басқарма басшысының орынбасары;
2014-2016 жылдары – "ҰҒЗТО" АҚ "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЕЖШС директорының орынбасары;
2016-2019 жылдары – "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Ғарыш жүйелерін жасау және пайдалану жөніндегі Вице-президенті.
2019-2021 жылдары – "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары-Өндіріс жөніндегі Басқарма мүшесі.
2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ басқарма төрағасы.
Айдын Айымбетов - Қазақстан ұшқыш-ғарышкері, әуе генерал-майоры. Мемлекеттік награда мен құрмет атақтарына ие: "Халық Қаһарманы", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы", "Отан" ордені.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек