- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Гарри ханзада мен...
Гарри ханзада мен актриса Меган Маркл қаржылық қиындыққа байланысты ажыраспақ
Ханзада Гарри мен Меган Маркл Spotify компаниясының келісімшартынан айырылған соң екі жаққа кетуге бел буған. Бұл туралы Express басылымы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ханзада Гарри мен Меган Марклдың Spotify-пен келісімін жоғалтқаннан кейінде қаржылық жағдайы тұрақталмаған. Басылым ерлі-зайыптылар үлкен қиындықтарға тап болғанын, тіпті Калифорниядағы ең сәнді үйді қаржыландыра алмайтынын және зәулім сарайда тұра алмайтындығын жеткізді.
© reuters
Айта кетейік, Ханзада Генри (Гарри) Уэльскийдің толық аты-жөні - Генри Чарльз Альберт Дэвид Маунтбаттен-Виндзор. Ол 1984 жылы 15 қыркүйекте Лондонда дүниеге келген. Ханзада Чарльз Уэльскийдің бірінші әйелі Диана ханшайымнан туған кенже ұлы және Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның немересі.
© reuters
Ал Меган Маркл - 1981 жылы 4 тамызда Лос-Анджелесте туған. Ол - америкалық актриса әрі фотомодель. Меганның әкесі жарық түсіру бойынша режиссер, анасы әлеуметтік қызметкер әрі йогадан ұстаз. Меган 2011 жылы кинорежиссер Тревор Энгельсонға тұрмысқа шығып, 2013 жылы ажырасып кеткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы