Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі болып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Тоқаевтың жарлығында.
1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Философия және психология ғылымдарының докторы.
1989-1995 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы №14 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары болып жұмыс істеген.
1995-1997 жылдары – Алматы облысы Іле ауданы №12 орта мектебінің директоры.
1997-2000 жылдары – Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының ғылыми хатшысы, кеңесшісі.
2000-2001 жылдары Алматы облысы Қапшағай қаласының білім бөлімін басқарған.
2001-2006 жылдары «Халықаралық қосымша кәсіби білім беру орталығы» ЖШС директоры болып жұмыс істеген.
2006-2007 жылдары – Алматы технологиялық университеті Техникалық-экономикалық колледжінің директоры.
2007-2020 жылдары – «Edtech-kz» халықаралық білім беру орталығының бас директоры.
2020 жылы Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып тағайындалған.
2020-2022 жылдары – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті.
2022 жылғы наурыз бен тамыз айлары аралығында – білім және ғылым вице-министрі.
2022 жылғы тамыздан бастап – оқу-ағарту вице-министрі.
ҚР Президентінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы Жарлығымен ҚР оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып қайта тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз