- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Гамбургер жасау керек"....
"Гамбургер жасау керек". Қазақстандық эколог шегіртке жеуді ұсынды
Белгілі қазақстандық эколог Африканы мысалға келтіре отырып, шегіртке жеуді ұсынды. Оның айтуынша, Африкада шегірткелерді түнде ұстап алып, тағамға қосады немесе гамбургер дайындайды екен. Бұл туралы КТК жазды.
Олай дейтініміз, еліміздің оңтүстігінде егіс алқаптарын шегірткеден қорғауға қолданылатын пестицидтерге байланысты омарташылар дабыл қағып жатыр. Омарташыладың айтуынша, химия олардың ісін өлтіріп қана қоймайды, сонымен қатар адамдарға зиян келтіреді екен.
Қазірдің өзінде Түркістан облысында зардап шеккендер бар. Экологтар да Қазақстанға зиянкестермен күресу стандарттарын өзгерту керек деп есептейді. Мысалы, шегірткелерді ұстап жеуге болады. Дегенмен, шенеуніктер "бұл химиялық заттар адамдарға да, қоршаған ортаға да қауіп төндірмейді" деп сендіріп отыр.
Шегіртке және басқа да зиянкестермен күрес омарташыларды алаңдатып отыр. Бұл жақсы нәрсе болып көрінгенмен (дәрі шегірткелерден егінді қорғайды) негізінде олай емес екен. Бірақ бұл үшін қолданылатын пестицидтер, омарташылар кәсібіне, адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиянын тигізеді.
Осылайша Түркістан облысында егістік алқаптарды тышқан мен шегірткеден қорғау үшін химия шашқаннан кейін жергілікті омарташыларда аралар өліп, адамдар өзін нашар сезінген.
Жамбылдық омарташылар шегірткемен күрестің нәтижесін қорқып еске алды. Олар осыдан бір-екі жыл бұрын улы дәрі шашқаннан кейін өңірде көптің кәсібінен айырылғанын айтады.
Шенеуніктер, әрине, қателіктерді ескеріп, "енді дәрілеуді алдын ала ескертеміз" деп отыр. Бірақ омарташылар "бәрібір уланамыз" дейді.
"Бақылаусыз өңдеу, пестицидтерді қолдану өте үлкен зиян келтіреді. Әсіресе ара шаруашылығына. Тек ара шаруашылығы ғана емес басқаларға да зиян. Химия бәріне әсер етеді. Сезімтал организм ретінде ара ертерек әрекет етеді. Адамға да кейінірек әсер етеді. Соның салдарынан аурулар туадыды, оның ішінде онкологиялық аурулар да бар", - деп санайды Жамбыл облысы омарташылар қауымдастығының төрағасы Константин Кутасов.
Жамбыл және Түркістан облыстарында шегірткеге қарсы Данияда жасалған препарат қолданылатыны белгілі. Шенеуніктер бұл "химиялық препарат сыналған және өте қауіпсіз" дейді.
"Дәрі орталықтан, республикалық бюджет деңгейінде Ауыл шаруашылығы министрлігінен сатып алынады. Емдеу осы препаратпен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта біз олардан ешқандай жанама әсерлерді байқамадық. Бұл препарат улылығы аз дәрілер тобына кіреді", - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Кенен Дүйсенбеков.
Шенеуніктер шаруаларға, малшылар мен омарташыларға кем дегенде бір апта бойы өңдеу орындарына жақындамауды ескертеміз деп отыр.
Экологтар мұның соңы біздің химия тұтынуымызға әкеледі деп отыр.
"Олар егін өндіреміз, халықты асыраймыз дейді. Мәселе мынада, олар бізді немен қоректендіреді? Кез келген химия, осы қоспалардың кез келгені адам үшін де, биоәртүрлілік үшін де зиянды. Басқа да шараларды қабылдау қажет. Мысалы, Африка елдерін алсақ, олар, керісінше, бұл шегірткені қараңғыда ұстайды. Олар оны күнделікті жейтін тағамға қосады, гамбургер дайындайды", - дейді "ҚазЭкопатрул" қоғамдық ұйымының жетекшісі Тимур Елеусізов.
Пестицидтер табиғатқа ғана емес, адамдарға да қауіпті дейді эколог. Ол шенеуніктердің зиянкестермен күресудің мұндай даулы әдістерін әлдеқашан қайта қарауы керек екеніне сенімді.
Айтпақшы, шегірткенің тағамдық құндылығы мен пайдалылығын тарих және зерттеулер әлдеқашан дәлелдеген. Оның құрамында 45% дейін ақуыз, 4,5% май және минералды заттар бар.
Т. Раушанұлы