Түрік ғалымы Наджи Гөрүр сыни ескерту жасады. Оның айтуынша, жақында 7 балдық жер сілкінісі болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Cumhuriyet сайты жазды.
Түркияның ғалымы, профессор Наджи Гөрүр Түркиядағы жер сілкінісіне қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Тунжели-Пүлүмүрде 7 балдық жер сілкінісі күтіледі. Мәрмәр (Marmara) аймағында да жер сілкінісі болатынын атап көрсеткен ғалым Ыстамбұлдың жер сілкінісіне дайын емес екенін айтты.
Ғалым 7 балдық жер сілкіну қаупін қалай болжағанын да айтып берді.
Кеше Пүлүмүрде болған жер сілкінісінен де жойқын апат әлі алда екенін ескерткен ол: "Бингөл Карлыова мен Эрзинжан арасындағы Едису жарылысы деп атаймыз мұны. Өйткені бұл ақау соңғы рет 1784 жылы 7 балдық жер сілкінісін жасады және содан бері жер сілкінісі болмады. Сондықтан біз де осы жерде, Тунжели-Пүлүмүрде болады деп күтіп отырмыз. Бұл аймақта жақын күндері біздің ойымызша 6 және 7 балдық жер сілкінісі күтіледі", - деді ол.
Еске салайық, былтыр Түркияда жойқын жер сілкінісі болған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!