- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ғалымжан Пірматов теңге...
Ғалымжан Пірматов теңге бағамының төмендеуіне қатысты пікір білдірді
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов теңге бағамының төмендеу себептері туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Валютаның қайтадан құлдырауына кім кінәлі?" - деп сұрады журналистер Пірматовтан Ұлттық банк брифингі барысында.
Осы сұраққа жауап беріп, Ұлттық банк басшысы теңге бағамы өзгермелі екенін, және оны нарық қатысушылары қалыптастыратынын еске салды.
"Теңге бағамы - өзгермелі. Ұлттық банк қандай да бір мақсат, деңгей қоймайды. Оны нарық қатысушылары сұраныс пен ұсыныс және олардың үміттері негізінде қалыптастырады", - деп түсіндірді Пірматов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек