Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ғалымжан Қойшыбаев туралы не белгілі?
Ол 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Ресей Федерациясындағы, Литва Республикасындағы, Финляндия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы елшіліктерде қызмет атқарған. Президент әкімшілігінде Бас инспектор болған.
Сыртқы істер министрлігінде ерекше тапсырмалар жөніндегі елші, министрдің орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылғы 4 қаңтарда премьер-министрдің орынбасары - Үкімет аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова