- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ғалымжан Қойгелдиев Бас...
Ғалымжан Қойгелдиев Бас прокурордың орынбасары болды
Ғалымжан Қойгелдиев Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімдерімен: Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.
Ғалымжан Қойгелдиев 1980 жылы 3 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша бітірген.
2002-2004 жылдары әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының оқытушысы,
2004-2005 жылдары Сыртқы істер министрлігінің шаруашылық басқармасы Консулдық қызмет департаментінің (Алматы қ.) маманы,
2005-2006 жылдары Сыртқы істер министрлігі аппаратының атташесі, үшінші хатшысы,
2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы,
2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы,
2011-2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары,
2017-2022 жылдары ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы болып қызмет етті.
2022 жылғы 16 қарашадан қазірге дейін Бас Прокурор аппаратының басшысы болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан