Ғалымжан Жусанбаев "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚазМұнайГаз-дың Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Мұрат Досмұратовтың кәсіпорын басшысы ретіндегі өкілеттігі берілген өтінішіне сәйкес мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Еске салайық, Мұрат Досмұратов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып 2022 жылғы шілдеде тағайындалған болатын.
Айта кетейік, 2021 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының жұмысында ақшаны жылыстатуға қатысты көптеген сұр схема бар екенін айтқан болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!