Ғалымдар адамның миы, ағзасы толық демалуы үшін ваннада нақты қанша уақыт өткізу керегін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зерттеуді Victorian Plumbing компаниясы 20 қатысушымен жүргізді - 10 ер адам және 10 әйел.
Қатысушылар ваннаны әр түрлі уақыт аралығында қабылдап, шыққаннан кейін өздерін қалай сезінетінін бірқатар факторға байланысты бағалады. Сарапшылар ваннада қабылдаудың ең ыңғайлы уақыты 22 минут екенін анықтады.
Сонымен қатар, зерттеу нәтижесіне сәйкес ғалымдар адам 28 минуттан кейін ағзаның сусыздануы мүмкін екенін және шомылу кезінде адамды босаңсытатын әрекет телефон экранын қозғау екенін мәлімдеді.
Ваннаның ерлер мен әйелдерге әсерінің айырмашылығы бар. Әйелдер ваннаны ұзақ уақыт, 30 минут қабылдағаннан кейін, ал ер адамдар 19 минуттық процедурадан кейін жақсы ұйықтайды.
Айта кетейік, бұған дейін тұз қосылған ванна қабылдау қаншалық пайдалы екені хабарланған болатын.
Тағы оқи отырыңыздар: Достармен жиналғанда қандай ойындар ойнауға болады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!