Ғалымдар ұзақ ұйқының күтпеген қаупін анықтады

Ғалымдар ұзақ ұйқының күтпеген қаупін анықтады
Фото: ©️ depositphotos.com

Исландиялық ғалымдар тәулігіне тоғыз сағаттан артық ұйықтайтын адамдарда инсульт қаупі 85 пайызға жоғары болатынын анықтады. Зерттеу нәтижелері Neurology журналында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мир-24" мәліметіне сілтеме жасап.

Зерттеуге ауыр аурулары жоқ шамамен 32 мың адам қатысқан. Қатысушылардың орташа жасы 62 жас болған.

Алты жыл бойы ғалымдар қатысушылардың ұйқы режимі мен ауру тарихы туралы ақпарат жинап, олардың жағдайын бақылап отырды. Зерттеу нәтижесінде тәулігіне тоғыз сағаттан артық ұйықтайтын (қатысушылардың 24 пайызы) немесе күндіз 90 минуттан артық демалатын (қатысушылардың 8 пайызы) адамдарда инсульт қаупі жеті-сегіз сағат ұйықтайтындарға қарағанда 85 пайызға жоғары екені анықталған.

Ғалымдар ұзақ ұйқы жалпы алғанда қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупін арттыратынын анықтады. Түнгі ұйқының ұсынылған нормадан асып кетуі инсульт қаупін 23 пайызға, ал күндіз бір жарым сағаттан артық демалу қан тамырларының бұзылу ықтималдығын 25 пайызға арттырған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан