- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ғалымдар түнде қорылдамау...
Ғалымдар түнде қорылдамау үшін қалай тамақтану керегін анықтады
Обструктивті ұйқы апноэы (OҰA) бар адамдар түнде жиі қатты қорылдайды. Олардың тынысы үзілетіндіктен, олар түнде бірнеше рет оянуы мүмкін. Австралиялық ғалымдар белгілі бір диета бұл жағдайдан қорғай алатынын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Обструктивті ұйқы апноэсы шаршауды ғана емес, сонымен қатар жоғары қан қысымы, инсульт, жүрек ауруы және екінші типті қант диабеті қаупін арттырады.
Австралиялық ғалымдар жаңа зерттеу жүргізді, оған 14 210 адам қатысты. Жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес, өсімдік тағамдарын көп тұтынатын адамдар жемейтіндерге қарағанда обструктивті ұйқы апноэсынан 19 пайызға аз зардап шегеді.
Зерттеудің мұндай қорытындысы тамақтану түрінің қаншалық маңызды екенін дәлелдемегенімен, өсімдік негізіндегі диета ағзадағы қабыну мен семіздікті азайтуы мүмкін екенін көрсетеді. Ал бұл аурудың дамуына әсер ететін негізгі қауіп факторлар. Қабынуға қарсы компоненттер мен антиоксиданттарға бай, зиян тағамдық элементтері аз диета түрі дененің май массасына, қабынуға және тіпті бұлшықет тонусына әсер етуі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігер қорылдың қаупі мен құтылу жолдарын айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Гидравликалық мәшинелер деп қандай мәшинелерді айтады? Олардың жұмысына қандай заң пайдаланылады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә