- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ғалымдар ішек арқылы...
Ғалымдар ішек арқылы Альцгеймер ауруын ерте кезеңде анықтауға болатынын хабарлады
Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университетінің медицина мектебінің ғалымдары ішектің жағдайын мұқият зерттей отырып, Альцгеймер ауруын ерте кезеңде анықтауға болатынын тапты. Зерттеу нәтижелері Science Translational Medicine журналында жарияланды.
Ғалымдардың зерттеуіне 164 адам қатысты. Олар мамандарға нәжіс, қан және жұлын сұйықтығы үлгілерін тапсыррған. Эксперимент барысында олар ПЭТ (позитронды-эмиссиялық томография) және МРТ (магниттік-резонансты томография) сканерлеуінен өтті.
164 адамның 49 еріктісінде пресимптоматикалық Альцгеймер ауруының белгілері болды. Ғалымдар деменция белгілері байқалмағандар мен ауруға күдіктенгендердің микробиомаларын мұқият салыстырды. Олардың микробиомасы айтарлықтай ерекшеленетіні белгілі болды. Сонымен қатар, ішектегі бактериялар сау бактериялардан неғұрлым ерекшеленетін болса, мидағы ақуыз агрегаттарының деңгейі соғұрлым жоғары болды.
"Алдағы уақытта адамдар нәжіс үлгісі арқылы Альцгеймер ауруының даму қаупі жоғары екенін біле алады. Бұл миды сканерлеуге немесе жұлынды тінтуге қарағанда әлдеқайда оңай, аз инвазивті және халықтың көп бөлігіне қол жетімді болар еді", - деп түсіндірді ғалымдар.
Ішек микробиомасындағы өзгерістер мен деменцияның дамуы арасында себепті байланыс бар-жоғы әлі анық емес. Ғалымдар ақыры түйінді табу үшін көбірек зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.
Альцгеймер ауруымен ауыратын адамдардың микробиомасы әртүрлі болуы мүмкін екенін британдық ғалымдар бұған дейін де айтқан болатын. Микробиолог Александр Суворовтың айтуынша, болашақта есте сақтау қабілетінің жоғалуын шынымен ішектің көмегімен емдеуге болады.
"Ішек эпителийінде иммундық жүйені ынталандыратын және ағзадағы кез келген қабыну реакциясын белсендіруге жауапты протеиндік кешендер деп аталатын қабынуға әсер ететін жасушалардың көпшілігі бар. Нәтижесінде, негізінен ащы және тоқ ішекте сақталатын созылмалы қабыну бірқатар қабынуға қарсы ынталандырулардың пайда болуына әкеледі, олар ми жасушаларына әсер ете бастайды. Ми ауруларының, мысалы, склероз, Паркинсон ауруы, Альцгеймер ауруы сияқты аурулардың түпкі себебі ішекте болуы мүмкін екенін дәлелдейтін ғылыми жұмыстар бар", - деді сарапшы.
Тағы бір нәрсе, адам микробиотасының құрамы мен мидың жұмысы арасындағы байланысты тікелей байқау өте қиын. Көптеген бактериялар ішекте өмір сүреді. Олардың салмағы шамамен 2-3 кг.
Т. Раушанұлы