ОАР мен еуропалық палеогенетиктер ондаған мың жыл бойы Африканың оңтүстігінде оқшау өмір сүрген ежелгі адамдар тайпасын тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі life.ru-ға сілтеме жасап.
Бұл топ қалған адамзаттан шамамен 200 мың жыл бұрын, Homo sapiens пайда болған кезден бері, бөлініп қалған. Бұл туралы Уппсала университетінде хабарланды.
Ғалымдар жасы 150 мың жылдан 10 мың жылға дейінгі аралықтағы Оңтүстік Африка Республикасының шамамен отызға жуық ежелгі тұрғынының ДНҚ-сын зерттеген. Нәтижесінде 25 адамның ДНҚ-сы планетадағы ең көне этностардың бірі саналатын койсан халықтарымен байланысты L0d гаплотобына жататыны анықталды. Қазіргі сан халқы осы ежелгі адамдардың генетикалық мұрасының шамамен 80 пайызын сақтап қалған. Бұл олар кейінгі көші-қондардан кейін пайда болды деген теорияларды жоққа шығарады.
Оқшау популяция Homo sapiens-ті басқа гоминидтерден ажырататын 79 ерекше мутация жиынтығын сақтап қалған. Бұл өзгерістер мидың дамуы, иммунитеттің жұмысы және бүйрек қызметімен байланысты. Ғалымдардың айтуынша, олар біздің түрдің қалай эволюцияланғанын түсінуге кілт болуы мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!