- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ғалымдар кофе адамның...
Ғалымдар кофе адамның бұлшықетіне қалай әсер ететінін анықтады
Кофеде кездесетін тригонеллин бұлшықеттердің жұмысын жақсартады және олардың ыдырауын болдырмайды. Мұны Сингапур ұлттық университетінің ғалымдары анықтады. Олардың зерттеуі Nature Metabolism журналында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Пятый канал" басылымына сілтеме жасап.
Ғалымдар 60 жастан асқан 186 ер адам қатысқан зерттеу жүргізді. Осылайша олардың денсаулығы туралы ақпарат жиналды. Сондай-ақ, респонденттерден қан үлгілері алынып, сандық динамометр көмегімен күші өлшенді. Адамдар тағамға деген талғамы мен кофеге тәуелділігі туралы айтты.
Нәтижесінде сусынның құрамындағы тригонеллин бұлшықеттердің жақсаруына әсер ететіні белгілі болды.
Зерттеушілер тригонеллин NAD+ жасушалық кофакторына ықпал ететінін анықтады. Бұл - адам ағзасының әрбір жасушасында болатын маңызды органикалық қосылыс. NAD+ арқасында қоректік заттар энергияға айналады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова