Ван Адель институтының ғалымдары тамақ пен тұқым қуалаушылық семіздікке әсер етпейтінін анықтады. Ғалымдардың жұмысы Nature Metabolism журналында жарияланды, - деп хабарлайды Gazeta.ru сайты.
Басылым мәліметінше, жұмыс барысында зерттеушілер 150-ден аса егіз жұптың деректерін талдап, зертханалық тышқандарға да тәжірибе жүргізген. Кеміргіштер генетикалық жағынан бірдей болып, бірдей мөлшерде азықтанып, бір ортада өскен.
Зерттеу барысында 50 пайыз жағдайда ғана тұқым қуалаушылық пен өмір салты дене бітіміне әсер ететінін анықтаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!