Ғалымдар қант диабеті "тұздан" болуы мүмкін екенін анықтады

Ғалымдар қант диабеті "тұздан" болуы мүмкін екенін анықтады
Фото: pixabay

Егер сіз кәмпиттер мен торттар қант диабетіне әкелуі мүмкін деп ойласаңыз, онда бұл қате түсінікпен қоштасатын кез келді. Біріншіден, қант диабеті кезінде тәтті аса қатты мәселе емес. Екіншіден, зерттеушілер тұз ауруды тудыруы мүмкін екенін дәлелдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап. 

Диетадағы артық тұз денсаулыққа өте зиянды. Өйткені ол ағзадағы суды сақтайды. Осылайша жүрек, қан тамырлары, бүйрек және басқа органдармен проблемалар туындатады. Кардиологтар гипертония диагнозы қойылған барлық адамдарды тұзды тағамдардан бас тартуға шақыратыны бекер емес.  Себебі бас тарту арқылы қысымның жоғарылауын болдырмауға болады. Сонымен қатар, ісіну, салмақ проблемалары және ұйқысыздық қаупі бар.

Жаңа Орлеандағы Тулан университетінің ғалымдары зерттеу барсыныда диетадағы артық тұз екінші типтегі қант диабетінің дамуына түрткі болуы мүмкін деген қорытындыға келді. 

Сарапшылар Ұлттық Британдық биобанктен ақпарат алып 402 982 адамның деректерін зерттеді. Қатысушылар 37 мен 73 жас аралығында болды. Олардың аурулары:

  • қант диабеті;
  • жүрек-қан тамырлары аурулары;
  • бүйрек патологиясы;
  • онкологиялық ауру.

Ғалымдар науқастардың тамақтану әдеттеріне, олардың тұзды тағамды қаншалықты жиі жейтініне баса назар аударды. Сондай-ақ дайын тағамды қаншалықты жиі сатып алатынын анықтап, субъектілердің ауру тарихын зерттеді. Себебі мұндай тағамдарда әдетте тұз көп болады.

Бақылау ұзақтығы шамамен 12 жылға созылды. Осы уақыт ішінде қант диабеті диагнозы  13 120 адамға қойылды. Сарапшылар тұзды ұнататындар артық салмақ проблемаларынан жиі зардап шегеді және дене салмағының индексі жоғарылайды деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, мұндай адамдарда қандағы С-реактивті ақуыз деңгейі жоғарылап, қант диабеті жиі дамитыны анықталды.

Анықтама:

С-реактивті ақуыз (CRP) — қабыну, некроз, жарақат кезінде тіндердің зақымдануының ең жоғары сезімтал көрсеткіші. Дені сау адамның қанында CRP жоқ немесе минималды мөлшерде анықталады. Бұл ақуыздың деңгейі жұқпалы, аутоиммунды, ревматикалық, қатерлі ісік және басқа ауруларда жоғарылауы мүмкін.

"Біздің нәтижелер диетадағы артық тұздың CRP көрсеткіштеріне әсер етуі және әртүрлі патологияларды, соның ішінде қант диабетін тудыруы мүмкін екенін көрсетті", - деп қорытындылады зерттеушілер.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Зинешов