Америка Құрама Штаттарының Гавайи аралындағы Pan-STARRS обсерваториясының астрономдары Жерге жақын жаңа 2023 FW13 нысанын тапты. Алдымен ол орбитасының тұрақтылығына байланысты байқалды.
Бұл тағы бір квази (жасанды) табиғи серік болып шықты. Яғни, ол Жермен орбиталық резонанста және оның айналасында ұзақ жылдар бойы айналған. Ол тіпті бір мезгілде Күнді толығымен айналады.
Аймен салыстырғанда нысан өте кішкентай - бес қабатты ғимараттың өлшемімен бірдей (шамамен 15 метр). Және ол өте алыс, 14 миллион шақырым қашықтықта айналады.
© skyandtelescope.org
Ғалымдардың айтуынша, бұл Жердің ең көне квази серігі. Ғалымдардың есептеуі бойынша, ол біздің дәуірімізге дейінгі 100 жылы Жермен "көрші" болған. Алдағы шамамен 3700 жылға дейін солай болып қалады.
"2023 FW13 Жерге жақын нысан болып саналғанымен, бізге қауіп төндірмейді. Егер оның траекториясы өзгерсе, біз бұл туралы ықтимал соқтығысудан ондаған жылдар бұрын білетін боламыз", - дейді астрономдар.
Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар Жердің 100 миллион жыл ішінде қалай өзгергенін көрсеткен болатын.